+7 7172 62 10 10
Байланыс
neurobiobank@ncn.kz
E-mail

2021 жыл бойынша есеп

2021 жыл бойынша есеп 

«Молекулярлық цитогенетикалық зерттеу бағдарламасын жасау және орталық жүйке жүйесі ісіктерінің биобанкін құру» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі қалыптастырылып, 8 қарашада Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне жіберілді.

2021 жылға арналған күнтізбелік жоспарға сәйкес барлық жоспарланған жұмыстар толық көлемде орындалды. Зерттеудің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келесі нәтижелер алынды:

Әдебиетке шолу жасалды. Әдебиеттерді шолу келесі медициналық деректер қорын пайдалана отырып жүргізілді: Pubmed, Scopus, Clinical Key, Springer Link;

Эксперименттік зерттеулер жүргізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу туралы келісімдерге қол қойылды;

Пациенттер таңдалды. Бастапқы тексеру, ауру тарихы, неврологиялық жағдайды және функционалдық белсенділікті бағалау жүргізілді;

Электрондық зерттеулер базасы құрылды және толтырылды;

Биобанк үшін ісік тінінің және веноздық қан компоненттерінің үлгілері жиналды;

Глиальды ісіктердің патоморфологиялық, иммуногистохимиялық және молекулярлық-генетикалық зерттеулері, болжамдық маркерлерін анықтаумен жүргізілді;

Зерттеу жүргізуге арналған сауалнамалар тізімдері жасалды және бекітілді;

Пациенттерге сауалнамалар мен динамикалық мониторинг жүргізілді.

logo-kz.jpg
Молекулярлық-цитогенетикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және орталық жүйке жүйесі ісіктерінің биобанктерін жасау.
РК, Астана қ.
Тұран д. 34/1
neurobiobank@ncn.kz
© Copyright 2025 Design by site-pro.kz. All Rights Reserved.