ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША СІБІР-ҚАЗАҚСТАН НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ СИМПОЗИУМЫНА ҚАТЫСУ
«Молекулярлық цитогенетикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және орталық жүйке жүйесі ісіктерінің биобанкін құру» жобасының бір топ зерттеушілері 2023 жылғы 1-2 маусымда өткен Сібір-Қазақстан нейрохирургиялық симпозиумға қатысты.
Сапардың негізгі мақсаты жоба аясында алынған нәтижелер бойынша симпозиумға қатысу және баяндамалар жасау болды.
Аурухана менеджменті бөлімінің меңгерушісі Меңлібаева Қарашаш Қайратқызы «Қазақстандағы глиальды ісіктері бар науқастардың өмір сүруін талдау, Ұлттық нейрохирургия орталығының деректеріне ретроспективті талдау жасау» тақырыбында баяндама жасады. Нәтижелерге, атап айтқанда емдеу әдістеріне және аймақтық айырмашылықтарға қатысты сұрақтар қойылды.
Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Өлеңбай Ғабит Ілиясұлы «Балалардағы бас сүйегінің артқы шұңқырының ісіктерін емдеу: Астана қаласындағы Ұлттық нейрохирургия орталығының тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.
Рентгенология және радиохирургия кафедрасының меңгерушісі Байтурлин Жәнібек Ғаниұлы «Глиомалардың МРТ биомаркерлері: ми ісіктерін ерте анықтау және операцияға дейінгі диагностика әдістерін қолдану» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, Байтурлин Ж.Ғ. III сессияның модераторы міндетін атқарды.
Ми патологиясы бойынша нейрохирургия бөлімшесінің нейрохирург дәрігері Арман Серікұлы Макаров «5-АЛА флуоресценция: Ұлттық нейрохирургия орталығындағы 60 пациентте қолдану тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.
Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің балалар невропатологы Ибатова Сырданқыз-Гаухар Сұлтанханқызы «Балалардағы бас миының ісіктері кезіндегі эпилепсияның дәріге төзімді түрлерінің клиникасы мен ағымы» тақырыбында баяндама жасады.
Барлық қатысушыларға медицина ғылымдарының докторы, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің Федералдық нейрохирургия орталығының бас дәрігері Джамиль Рзаев пен Қазақстан Республикасының ҰҒА академигі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас нейрохирург-дәрігері, Қазақ нейрохирургтер қауымдастығының президенті, ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Қуандықұлы Ақшолақов қол қойған Симпозиумға қатысқанын растайтын сертификаттар берілді.
Жоба зерттеушілері нейрохирургия және нейро-онкология бойынша әртүрлі пленарлық отырыстарға қатысты, онда әртүрлі елдерден келген спикерлер клиникалық және ғылыми тәжірибедегі тәжірибелерімен және жетістіктерімен бөлісті.
Сонымен қатар, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ мен Сібір нейрохирургтер қауымдастығы (қысқартылған атауы SibNeuro) арасында білім және ғылым саласындағы одан әрі ынтымақтастық туралы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның мақсаты – клиникалық, ғылыми және білім беру жобаларындағы Тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.