«НЕЙРОПАТОЛОГИЯ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ
«Молекулярлық цитогенетикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және орталық жүйке жүйесі ісіктерінің биобанкін құру» ғылыми жобасы аясында патологоанатомолог Рустам Мұратұлы Мұратов 2022 жылғы 3 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін Израильдің Хайфа қаласындағы Рамбам медициналық орталығында «Нейропатология» тақырыбында біліктілігін арттыру курсынан өтті.
Курс мақсаты: Орталық жүйке жүйесі ісіктерінің ДДҰ жаңа классификациясына сәйкес иммуногистохимиялық және молекулалық-генетикалық зерттеулерді қолдана отырып, орталық жүйке жүйесінің ісіктерін зерттеудің заманауи әдістерін үйрену (5-ші басылым).
Курс нәтижесі: Молекулярлық-генетикалық зерттеулерді ескере отырып, глиальды ісіктер, иммуногистохимия саласында алған білімдерін тәжірибеде қолдану. Жалпы патология мен гистологияда алған дағдыларын, аутопсия әдістерін және биобанк құру үшін материал жинауды қолдану.
Патогистологиялық, иммуногистохимиялық, молекулалық-генетикалық зерттеулерге арналған хирургиялық материалды жинау және ісік үлгілері бар биобанк құру.
М.ғ.д., профессор Евгений Владавскиймен орталық жүйке жүйесінің глиальды ісіктерінің патогистологиялық, иммуногистохимиялық және молекулалық-генетикалық зерттеулерін талқылау және талдау:
- Глиобластома G-4 - 12 жағдай;
- астроцитома G-2 - 7 жағдай;
- астроцитома G-3 - 5 жағдай;
- астроцитома G-4 - 2 жағдай;
- G-2 олигодендроглиома - 2 жағдай;
- Пилоцитарлық астроцитома G-1 - 8 жағдай;
- Эпиндимома G-2 - 4 жағдай.
М.ғ.д., профессор Евгений Владавскиймен орталық және перифериялық жүйке жүйесінің басқа ісіктерінің патоистологиялық, иммуногистохимиялық зерттеулерін талқылау және талдау:
- хондросаркома – 1 жағдай;
- менингиома – 14 жағдай;
- Шваннома – 26 жағдай;
- Нейрома - 2 жағдай.
Жалпы патологияның патогистологиялық, иммуногистохимиялық зерттеулерін талқылау және талдау:
- сүт бездерінің, қалқанша безінің, қуық асты безінің жұқа инелік биопсиясы 36 жағдай;
- гастробиопсия – 44 жағдай;
- тоқ ішектің биопсиясы – 59 жағдай;
- бүйрек биопсиясы – 21 жағдай;
- өкпе биопсиясы – 9 жағдай;
- сілекей бездерінің биопсиясы – 8 жағдай;
- тері және жұмсақ тіндердің биопсиясы – 32 жағдай.
Доктор Инна Народицкиймен жалпы патологияның патоистологиялық, иммуногистохимиялық зерттеулерін талқылау, талдау және білімді бекіту.